• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    All Bello

    Месси мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

    Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы , әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты.

    Мен бұрын да айтқанмын, қазірде айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Мұршам келмейтінін түсінгенше алаңға шыға беремін, — деді Месси Marca ақпарат құралына.

    Бұған дейін де Месси әзірше футболмен қоштаспайтынын, ал әзірше футболдан тек ләззат алғысы келетінін айтқан болатын.

    Шынын айтқанда, әлі де мансабымды аяқтау туралы ойламаймын. Маған жаттығу жасап, алаңға шығып, футбол ойнаған ұнайды. Қай кезге дейін ойнайтынымды білмеймін. Бірақ көбірек футбол ойнағым келеді. Қазір ең бастысы футболдан ләззат алғым келеді, — деді Лионель Месси TyC Sports-ке берген сұхбатында.

    Лионель Месси осы жаздан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды.  Аз ғана уақытта ол америкалық клубтың үздік сұрмергендері үштігіне кірді. Оның «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *