• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

    Испания соты «Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы бразилиялық Дани Алвесті әйел зорлады деген айыппен 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге сот Дани Алвеске жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелмен танысып, оны дәретханада зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі жыныстық қатынасқа келісімін берген. Бірақ ...

    Read More »

    «Ордабасы» Кәсіпқой футбол лиғасының кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

    «Ордабасы» клубы Түркияда өткен Winter Cup Қазақстан Қысқы ҚКФЛ Қысқы кубогының иегері атанды. Шымкенттің клубы финалында Қостанайдың «Тобыл» командасын матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальтилер сериясы берілгенде 7:6 есебімен жеңді. «Ордабасы» кубоктың иегері ретінде 60 млн теңге сыйақы алды. Ал «Тобыл» 40 млн теңгеге ие болды. Енді «Ордабасы» мен «Тобыл» 25 ақпанда Қазақстан Суперкубогының финалында кездеседі. Турнирдің қола жүлдесін ...

    Read More »

    Ұлттар лигасы: Грекия – Қазақстан матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

    21 наурызда Афина қаласында футболдан Грекия мен Қазақстан ұлттық құрама командарының матчының билеттері онлайн сатылымға шықты. Бұл матч Ұлттар лигасының «Төрттік турнирі» деп аталып кеткен плей-офф кезеңінің аясында болады. Оған Қазақстан, Грекия, Грузия мен Люксембургтің командалары қатысып, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. 21 наурызда Грекия мен Қазақстан жартылай финалда кездеседі. «Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург ойнайды. Осы ...

    Read More »

    Магомед Адиев Қазақстан азаматтығына қатысты ойын айтты

    Футболдан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы, ресейлік маман Магомед Адиев әлі Қазақстан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін ашып айтты. Ол Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтар аяқталған соң, Қазақстан футбол федерациясынан келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс түспесе, өз Отаны – Ресейге қайтып кететінін жасырмады. Оның айтуынша, бар мәселе Қазақстан азаматтығын алуға тіреліп тұрған жоқ. Ол Қазақстанды Еуро-2024 турниріне шығарып, отандастарымызға үлкен сый ...

    Read More »

    Кот-д’Ивуар құрамасы – Африка кубогының иегері!

    Футболдан Африка ұлттары кубогының иегері анықталды. Биылғы кубокты Кот-д’Ивуар құрамасы иеленді. Бұл елдің командасы финалда Нигерия құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Кот-д’Ивуар рет Африка ұлттары кубогының иегері атанды. Финалда Кот-д’Ивуардың құрамында Франка Кессье мен Себастьена Алле гол салса, Нигерияның Уильям Троост-Эконг жалғыз өзі қақпаны дәл көздеді. Бұған дейін ивуарлықтар 1992 және 2015 жылдары кубоктың иегері болған еді. Биылғы ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды. Алғашқы матч 6 қыркүйек өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды. 9 қыркүйекте Словения – Қазақстан, 10 қазанда Аустрия – Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан – Словения, 14 қарашада Қазақстан – Аустрия матчтары болады. Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт ...

    Read More »

    Қиын топқа түстік – Магомед Адиев

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Францияның Париж қаласында өткен 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесінде қиын топқа түскенін мойындады. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Олар үшінші топта ойнайды. Бас жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады. ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды  

    Францияның астанасы — Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Жеребе тарту рәсімінен бұрын ұлттық құрама төртінші қоржынға орналастырылды. Бұл қоржында Грузия, Түркия мен Люксембург командалары болды. Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жаңа маусымы қыркүйек айында басталып,  қарашада аяқталады. А лигасы Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия. ...

    Read More »

    «Ертіс» клубының экс-футболисі Мессидің командасымен ойнады

    Гонконгта АҚШ-тың «Интер Майами» мен жергілікті футболшылардан жасақталған команданың арасындағы жолдастық матчта Павлодардың «Ертіс» клубында ойнаған Түркіменстанның легионері Руслан Мингазов алаңға шықты. Руслан Мингазов 2019-2020 жылдары Павлодардың «Ертісі» клубында ойнаған. Ал қазір Гонконгтың «Китчи» командасымен келісімшарт жасап, осы жасақтың жейдесінде жасыл алаңға шығып жүр. Матчта  Гонконгтың футболшылары Лионель Мессидің командасынан 1:4 есебімен жеңілді. Мингазов матчтың басынан бастап соңына дейін ойнады. Өкінішке қарай, «Интер Майамидің» ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық матч ойнайды

    Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді. Матч 7 маусымда Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында болады. Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды. ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр. Қазақстан футбол федерациясынан тағы бір жаңалық, Бауыржан Сағындық 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға ...

    Read More »