• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Бүгін қарт құрлықта ұлттық құрамалар алаңға шығады

    Бүгін Еуропаның бірнеше қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріне қатысын жатқан ұлттық құрама командалар алаңға шығады.  

    Матчтар төрт топтағы құрамалар арасында болады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания ойнайды. Қазір Дания мен Шотландия турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен бірінші және екінші орында келе жатса, Грекия үш ұпай алды. Ал Беларусь құрамасында әзірше ұпай жоқ.

    G тобында Мальта мен Нидерланд, Финляндия мен Литва алаңға шығады. Нидерланд төрт ойында 10 ұпай алып отыр. Польшада бес турдан кейін 10, Финляндия 7, Литва 3, Мальта 2 ұпай  бар.

    H тобында Аустрия мен Сан-Марино, Кипр мен Босния мен Герцоговина кездеседі. Аустрия төрт турдан кейін 12 ұпаймен бірінші орынға жайғасса, Босния және Герцоговина бес ойыннан 12, Румыния 7, Кипр 4 ұпай алды. Ал Сан-Марино барлығына есе жіберіп, ұпай алған жоқ.

    L тобында Фарер аралдары мен Черногория, Чехия мен Хорватия ойнайды. Хорватия турнир кестесінде төрт турдан кейін 12, Чехия бес ойыннан 12, Фарер аралдары мен Черногория 6 ұпай алса, Гибралтар бірде-бір ұпайға ие болған жоқ.

    Қазақстан ұлттық құрамасы ертең 10 қазанда 19:00-де Лихтенштейн командасымен ойнайды. Матч Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Бас төреші міндетін Павел Рачковски атқарса, оған Марцин Бонек пен Бартош Хейниг көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Патрик Грицкевич.

    Қазір ұлттық құрама Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

    Осыдан кейін 13 қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.

    Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорра командасымен ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

    Енді олар 12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Өзбекстан жастар құрамасымен екі жоластық матч ойнайды.

    Қазір жастар құрамасы D тобында сынға түсіп жатыр. Олар өз алаңында Андорраны (1:0) жеңсе, Англияға (0:2) есе жіберді.

    Осыдан кейін 13 қарашада сырт алаңда Словакиямен, 17 қарашада өз алаңында Молдовамен ойнайды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *