Бүгін Әзербайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижеміз мынадай:
Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде:
Таеквондо WT – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль:
Бокс – 2 алтын, 1 күміс, 11 қола жүлде:
Нысана көздеу – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль:
Садақ ату — 1 алтын, 2 күміс жүлде:
Күрес түрлері – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль:
Жүзу – 9 күміс, 10 қола жүлде:
Стенд ату – 2 күміс, 6 қола медаль:
Үстел теннисі – 3 қола жүлде:
Көркем гимнастика – 3 қола медаль:
Бадминтон – 2 қола жүлде:
Самбо – 2 қола медаль:
Батуттағы гимнастика – 2 қола жүлде:
Семсерлесу – 1 қола медаль:
Еске сала кетейік, 2023 жылы Беларусь Республикасының 10 қаласында II ТМД елдері ойындарында болғанда Қазақстан спортшылары 7 алтын, 14 күміс, 32 қола еншілеген (жалпы есепте 5-орын).
Әзірге Қазақстан үшін алғашқы Тәуелсіздік мемлекеттік достастығы елдерінің ойыны табысты болып тұр. 2021 жылы Ресейдің Қазан қаласында Қазақстан 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (барлығы 106) жүлденің арқасында 3-орын алған.
Әзербайжандағы жарысқа елімізден 18 бағдарламада сынға түсу үшін 132 спортшы барды. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле, сондай-ақ Данил Мусабаев, Альмира Қанат, Досбол Шәміл сынды жасөспірімдер санатында әлем және Азия чемпионатында жүлде алған отандастарымыз бар.
Ал додаға барлығы 13 елден 1600-ден астам спортшы жиналды. Олар 23 дисциплинада өзара жүлдеге таласты.