Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады.
Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді.
Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым есепті 4:0-ге жеткізді.
Қазірге дейін ұлттық құрама команда Бельгия (0:6), Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
Қазақстан құрамасы алдағы ойынын сырт алаңда 3 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.
Дастан КЕНЖАЛИН