• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    © Eurasia Sport Images / Gettyimages.ru

    Роналду — алғашқы миллиардер футболшы

    Bloomberg агенттігінің мәліметіyt қарағанда, португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың байлығы 1,4 миллиард долларға бағаланды, деп хабарлады ТАСС.

    Енді ол доллар миллиардері атанған алғашқы футболшы болды.

    Bloomberg алғаш рет португалиялық шабуылшының таза байлығын бағалап, оны Bloomberg миллиардерлер индексіне енгізді.

    Роналду 2023 жылы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен рекордтық 200 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды. Оның келісімшарты маусым айында ұзартылды. Қазір оның құны 400 миллион доллардан асады.

    Месси америкалық «Интер Майами» клубында 2023 жылдан бері қарапайым жалақыға ойнады. Бірақ зейнеткерлікке шыққанда клубтан үлес алады.

    40 жастағы Роналду Чемпиондар лигасы бес рет жеңіп алған. Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы және ұлттық құрамасының, Еуропа чемпионатының, Чемпиондар лигасының және клубтар арасындағы әлем чемпионатының барлық уақыттағы үздік ойыншысы.

    Роналду – ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы футболшы.

    Бұған дейін Роналду соққан голдар бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатқаны хабарланған болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *