• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстан Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

    Бүгін Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Командалық акробатика бәсекесінде Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, үздік атанды.

    Бұл сында ел намысын Карина Магрупова, Наргиза Болатова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Жаклин Якимова мен Виктор Друзин қорғады.

    Барлық жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан көркем жүзуден жалпы 11 медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, жеті алтын, екі күміс және екі қола медаль бар. Осылайша, отандастырымыз Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде бірінші орынды иеленді.

    Бүгін көркем жүзуден жарыстың соңғы күні Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *