Финляндия чемпионатының бесінші дивизионында ойнайтын «Финнкурд» клубының бразилиялық футболшысы Жонатан Геррейро дау-дамайдың ортасында қалды.
Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, ойыншы келісілген матчтарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Ол демалыс күндері чемпионаттағы кезекті ойында 7 гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бұл матч 8:1 есебімен аяқталды. Алайда оны бас төрешінің ысқырығы берілгенде полиция қызметкерлері алаңнан алып кетті.
Содан кейін ол қамауға алынды. Ал оның командасы «Финнкурд» шабуылшы мен капитаннан ғана емес, жаттықтырушысынан айырылды. Бразилиялық футболшы клубта ойыншы бола жүріп, команданы жаттықтырған.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА