• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Су спортынан АЧ: Қазақстан ватерполо командалары — қола жүлдегер!

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Турнирдің соңғы күнінде су добынан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары үшінші орын үшін өткен матчтарда бақ сынап, қола медаль иеленді. Ерлер құрамасы тартысты ойында Жапония командасын 16:14 есебімен жеңді.

    Әйелдер құрамасы Таиланд спортшыларымен кездесіп, ойынның негізгі уақыты 6:6 есебімен тең аяқталып, жеңімпаздар команда сайыс соңындағы пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде, аруларымыз дәлдік танытып, 3:2 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп – 9:8.

    Осылайша, Қазақстан ерлер және әйелдер командалары Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *