• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан алтын жүлдені санап алып жатыр

    Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрама командалары алтын жүлде үшін жан алысып, жан беріскен таласта алдына жан салмай келеді. Бүгін бірінші болып жүлдені Назым Қызайбай жеңіп алды. Ол 48 келіге дейінгі салмақтың финалдық жекпе-жегінде үнді Минакшимен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раунд 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Ол 90 келіден аса салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы, Кубаның атақты боксшысы Хулио Сезар Ла Круспен қолғап түйістіріп, оны ұпай саны бойынша жеңді. Енді Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды. Бүгін сегіз финалдық жекпе-жекке кімдердің шығатыны белгілі болды. Бұл финалдардың екеуінде ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлдегер атанды

    Бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медальға ие болды. Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта жартылай финалына дейін жетіп, қола жүлдені қанағат тұтты. Боксшы Бразилияның спортшысы Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Оңтүстік Американың өкілі жеңіске жетті. Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    Бокстан ӘЧ: Қазақстан құрамасынан кімдер жартылай финалға шықты?

    Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты жартылай финалға жетті. Әзірше Қазақстан құрамасынан 8 спортшы ½ финалға шықты. Өзбекстан командасынан 9 боксшы жартылай финалда жұдырықтасатын болып отыр.  Қытайдың былғары қолғап шеберлерінен 6 спортшы шаршы алаңға шығады. Сонымен бірге жартылай финалда Бразилия мен Англиядан 4 боксшы, Ирландия, Түркия, Үндістан, Австралидан 3 спортшы, Әзербайжан, Тайпей, Польша, Испания, Жапония, Куба, ...

    Read More »

    «Сындырамын қазір»: Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Боксшы Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатын жеңіспен бастады.  Ол 70 келіге дейінгі салмақта Алжир елінің боксшы Эсуф Яичемен қолғап түйістірді. Бірінші және екінші раундта төрешілер Африка өкіліне мойын бұра бастағанда қазақ боксшысы намысқа тырысып, үшінші раундта қарсыласын екі ерт есеңгіретіп, нокдуанға жіберді. Раундтар арасында Төрехан Сабырханның «Сындырамын қазір», деп жаттықтырушысына айтқан сөзі де естіліп ...

    Read More »

    Майк Тайсон — Флойд Мейвезер: Аңыздар айқасы бола ма?

    Бокс әлемінің экс-абсолютті чемпионы Майк Тайсон X әлеуметтік желідегі парақшасында Флойд Мейвезермен жекпе-жегі туралы жазба жариялады. Ол  өз парақшасында алдағы жекпе-жекке қатысты «Аңыз аңызға қарсы. 2026» деген жазба қалдырды. «Темір Майктің» бұл жазбасында жарнама жасады деуге болады. Сонымен бірге ол келісімшартқа ресми түрде қол қойылғанын айтты. «Жақында», — деп бірауыз сөзбен нақтылады. Қолда бар дерекке қарағанда, жекпе-жекті екі спортшының промоутерлік ...

    Read More »

    Сайыпқыран: Қазақстан туы құрмет тұғырына көтерілді

    Бокстан халықаралық турнир: Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. ҚХР-дың Үрімші қаласында жасөспірімдер арасындағы Belt and Road ІІІ халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, 20 елдің боксшылары қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын иеленді. Алтын медель иегерлері: 46 кг. Арман Мырсабит 50 кг. Жұмағали Нұрмахан ...

    Read More »

    Бокстан биылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының салмақ дәрежелері бекітілді

    Биыл Бахрейнде жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалауын көтереді. Осы дүрмекті доданың алдында бокс жекпе-жектерінің салмақ дәрежелері ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс федерациясының мәліметіне қарағанда, жекпе-жектер Exhibition World Bahrain көрме орталығында болады. Оған 2009–2010 жылы туған ұлдар мен қыздар қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады. Ұлдар: 46 келі, 50 келі, 54 келі, 60 келі, 66 келіге 75 келіге дейін және ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді

    Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі  күміс медаль. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан ерлер құрамасында бір алтын жүлде

    Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында 19 жасқа дейнгі жас жігіттер бес рет финалға шығып, бір алтын мен төрт күміс медальға ие болды. Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндіс Хемант Сангванды жеңіп, Азия чемпионы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек Иран өкілі Али Чигриханиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 70 ...

    Read More »