• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Бүгін бокстан «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады

    Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, қалалық спорт басқармасы мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады Бокс фежерациясы. Турнир 18 мамырға дейін болады. Оған Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан, Қытай мен Қазақстанның бірінші, екінші және үшінші нөмірлі командалары қатысып, күш сынасады. Бүгінгі күні Астанада оқу-жаттығу жиынын ...

    Read More »

    Махмұд Сабырхан: «Егер төбелесу керек болса, оған да дайынмын» (ВИДЕО)

    Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне қатысатын ұлттық құрама команданың тізімі жарияланды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиадаға лицензия алған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев: «Олимпиадада қателеспеуге тырысамын»

    Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне ұлттық құрама команданың аса ауыр салмақтағы боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та қатысады. Қазір ол ұлттық құраманың басқа да боксшыларымен бірге турнирге дайындалып жатыр. Қоңқабаев Олимпиадаға жолдаманы бәрінен бұрын алып қойған. Ол былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілсе де Олипиадаға ...

    Read More »

    Команда Олимпиадаға жақсы дайындалып жатыр – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)

    Бокстан Қазақстан құрамасы 13-18 мамыр аралығында Астанада өтетін «Елорда кубогі» турнирі қарсаңында БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу жиынын өткізді. Жиынға ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшыларының бәрі қатысып жатыр. Ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов БАҚ өкілдеріне Олимпиадаға дайындықтың қалай өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, команданың «Елорда кубогі» турнирі мен Олимпиадаға дайындығы жақсы. «Елорда кубогы» — елімізде өтетін ең ірі халықаралық ...

    Read More »

    Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі басталады (ВИДЕО)

    13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі болады. Оған қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. Турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. Сондай-ақ, жарыста әлем ...

    Read More »

    Төрехан Сабырхан бокстан төрт дүркін Азия чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды. 67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан Өзбекстанның боксшысы Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалда ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Одан басқа Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдық өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Сабырхан Төрехан – 2023 жылғы әлем чемпионы ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай ...

    Read More »

    Қазақстан, Куба мен Өзбекстан боксшылары бірге жаттығып жатыр

    Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан боксшыларымен бірге  Өзбекстан мен Куба құрамалары қатысуда. Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6алты боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келді. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Баһадүр ...

    Read More »

    «Канело» еліміздегі су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес еліміздегі су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, — деді ол алаңдаушылығын жасырмай. Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта ...

    Read More »

    Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

    Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Beeline Arena спорт кешенінде жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатысады. Екі жас аралығында жігіттер мен қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиялық жүйе бойынша ұйымдастырылады. U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы): Жігіттер арасындағы жекпе-жектер – 46-48, 51, 54, 57, 60, ...

    Read More »