Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы боксшының менеджері Жанпейіс Назарғали Meta-ratings.kz порталына сұхбатында айтты.
23 ақпан Ақтауда Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі болады. Ол 6 раундқа созылады. Қарсылас кім болатынын кейінірек айтамыз.
Дегенмен Нұрқанаттың біржолата кәсіпқойға боксқа ауысатынын айту әлі ерте. Ол әуесқой бокста шаршы алаңға шыға беретін шығар, — деді боксшының менеджері.
Нұрқанат Райыс 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 75 келіде Қазақстанның вице-чемпионы.