• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бақытжан Әлпейісовтің жаңа белесі

    Қазақстанның танымал актері Бақытжан Әлпейісов Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында ұстаздық қызметіне кіріскенін айтты.

    «Тоғысқан тағдырлар» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актер, бастапқыда «сабақ беруге қабілетім жете ме» деп күмәнданғанын жасырмады. Бірақ тәуекелге бел буып, білгенімен бөлісу туралы шешім қабылдайды.

    Ең бастысы – ниет. Бұл мен үшін жаңа, әрі өте қызық тәжірибе, – дейді ол.

    Биылғы қыста ол қалыптасқан дәстүр бойынша әріптестері және достарымен бірге ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайында демалды. Оған Дулыға Ақмолда мен Мұрат Ахманов серік болды. Бос уақыттарын актерлер таза ауада серуендеп, бильярд ойнап өткізді.

    Бақытжан Әлпейісов қаңтар айын демалысқа арнап, бір жылға жететін күш-қуат жинауға тырысатынын айтты.

    Мұндай демалыстан кейін өзіңді керемет сезініп, жаңа бастамаларды қолға алуға шабыт оянады, –дейді актер.

     

    Нұрлан ҚҰМАР,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *