Белгілі спорт журналисі Фабрицио Романо 16 жастағы футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубына ауысқанын хабарлады.
Итальян журналисінің айтуынша, «Челси» Алматы қаласының «Қайрат» клубына Сәтпаев үшін 4 млн евро төлейді. Бұл отандық лига үшін рекордтық келісім болып отыр.
Дастан Сәтбаев 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң, «Челсидің» қатарына қосылады. Ол ағылшын клубымен 1 жылға ұзартуға мүмкіндігі бар 5 жылдық келісімшартқа отырады.
Осы ретте айта кететін бәр нәрсе, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы болды. Былтырғы QJ лигасында жас футболшы 12 ойында 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жастағы футболшы төрт матчта бір гол салып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Бұған дейін «Манчестер Сити» клубына өзбекстандық қорғаушысы Абдуқодир Хусанов ауысқан болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Посмотреть эту публикацию в Instagram