Әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Бейбіт Жұқаев екінші айналымда отандасымыз әлемнің 197-ракеткасы Дмитрий Попкомен ойнады.
Жұқаев Попконы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 231-орынға көтеріліп тұрған Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 149-ракеткасы, жапониялық Ясутака Утиямамен немесе рейтингіде 235-сатыдағы эстониялық Марк Лайальмен кортқа шығады.
Осы жарыста рейтингіде 249-орындағы Денис Евсеев әлемнің 209-ракеткасы, франциялық Валентин Ройеден жеңіліп, ширек финалдан тыс қалды. Бұл матч 2:6, 6:2, 4:6 есебімен Ройенің пайдасына шешілді.
Асқар АҒАТАЕВ,
АСТАНА