Бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде финалға шыққан спортшылар анықталды. Қазақстан сапындағы 52 келіде Жазира Орақбаева, Әнел Сақыш (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Милана Сафронова (66 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) мен 60 келі салмақтағы Виктория Графеева қарсыластарын жеңіп, финалға шықты. Енді финалда Виктория Графеева жартылай финалда Әсем Таңатарды жеңген үнді боксшысы Маниша ...
Read More »Tag Archives: бокс
Elorda Cup тунирінде жартылай финалистер анықталды (ВИДЕО)
Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің үшінші күні ерлер бәсекесінде жартылай финалға Қазақстанның 31 боксшысы шықты. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар. 57 келі салмақта Махмұд Сабырхан Өзбекстанның былтырғы ел чемпионатының күміс жүлдегері Худойназар Фаизовты 4:1 есебімен, 51 келіде Сәкен Бибосынов 2022 жылғы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Мухаммадкодир ...
Read More »Майк Тайсон блогермен бокстасады (ВИДЕО)
20 шілдеде АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы 105 мың адамға арналған «Эй-ти-энд-ти Стэдиум» стадионында әлемнің аса ауыр салмақтағы экс-чемпионы Майк Тайсон мен белгілі блогер-боксшы Джейк Пол қолғап түйістіреді. Кеше боксшылар осы жекпе-жекке арнап, баспасөз мәслихатын өткізіп, салмақ өлшеу рәсімін жасады. Қазір Майк Тайсон 57 жаста. 30 маусымда ол 58-ге келеді. Ал Джейк Полдың жасы 27-де. Дәл қазір екеуі жекпе-жекке дайындалып жатыр. Майк ...
Read More »«Елорда кубогы»: Алмат Әбдуәли Үндістанның атақты боксшысын жеңді
Астанада бокстан ересектер арасында басталған «Елорда кубогы» халықаралық турнирінің екінші күні шаршы Қазақстан боксшыларының басым бөлігі жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да бар. Ерлер арасында Жандос Қыдыралиев Өзбекстанның өкілі Асадбек Раджабовты, Алмат Әбдуәли 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон және Рио Олимпиадасына қатысқан Үндістан боксшысы ...
Read More »«Елорда кубогы»: Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады
Астанада бокстан ересектер арасында өтіп жатқан «Елорда кубогы» халықаралық турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға шыққан Қазақстан боксшыларының бәрі жеңіске жетті. Олардың арасында бірінші, екінші және үшінші нөмірлі болып өзара қолғап түйістірген отандастарымыз да болды. Ерлер арасында Кәрім Серкебаев, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Нұрқанат Райыс, Армат Арманұлы, Аман Қонысбеков, Асланбек Шымбергенов, Дархан Дүйсебай, Нұрбек Мұрсал, Қамшыбек Қоңқабаев қарсыластарын жеңсе, әйелдер арасында ...
Read More »Бүгін бокстан «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады
Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, қалалық спорт басқармасы мен Қазақстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан ересектер арасында «Елорда кубогы» ІІІ халықаралық турнирі басталады, деп хабарлады Бокс фежерациясы. Турнир 18 мамырға дейін болады. Оған Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан, Қытай мен Қазақстанның бірінші, екінші және үшінші нөмірлі командалары қатысып, күш сынасады. Бүгінгі күні Астанада оқу-жаттығу жиынын ...
Read More »Махмұд Сабырхан: «Егер төбелесу керек болса, оған да дайынмын» (ВИДЕО)
Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне қатысатын ұлттық құрама команданың тізімі жарияланды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиадаға лицензия алған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. ...
Read More »Қамшыбек Қоңқабаев: «Олимпиадада қателеспеуге тырысамын»
Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне ұлттық құрама команданың аса ауыр салмақтағы боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та қатысады. Қазір ол ұлттық құраманың басқа да боксшыларымен бірге турнирге дайындалып жатыр. Қоңқабаев Олимпиадаға жолдаманы бәрінен бұрын алып қойған. Ол былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілсе де Олипиадаға ...
Read More »Команда Олимпиадаға жақсы дайындалып жатыр – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)
Бокстан Қазақстан құрамасы 13-18 мамыр аралығында Астанада өтетін «Елорда кубогі» турнирі қарсаңында БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу жиынын өткізді. Жиынға ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшыларының бәрі қатысып жатыр. Ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов БАҚ өкілдеріне Олимпиадаға дайындықтың қалай өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, команданың «Елорда кубогі» турнирі мен Олимпиадаға дайындығы жақсы. «Елорда кубогы» — елімізде өтетін ең ірі халықаралық ...
Read More »Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі басталады (ВИДЕО)
13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі болады. Оған қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. Турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. Сондай-ақ, жарыста әлем ...
Read More »