Шри-Ланканың Коломбо қаласында бокстан U22 Азия чемпионаты ресми түрде аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.
Чемпионаттың соңғы күнінде ерлер арасында 13 салмақ дәрежесінде алтын медальдің иегерлері анықталды. Қазақстан құрамасынан тек 54 келі салмақта ғана есе жіберді. Бұл салмақта Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалса, басқа 12 салмақтағы боксшыларымыз чемпиондық атаққа таласуға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын ерлер құрамасы 10 алтын, 2 күміс жүлдені жеңіп алды.
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері:
1-орын. Тілеуберді Сүлеймен (48 кг)
1-орын. Диас Берікбай (51 кг)
1-орын. Жасурбек Анорбаев (57 кг)
1-орын. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг)
1-орын. Бақтияр Анарбаев (67 кг)
1-орын. Ағажан Қадыр (71 кг)
1-орын. Аман Қонысбеков (75 кг)
1-орын. Бақберген Әлиасқаров (80 кг)
1-орын. Ибрагим Бетаев (86 кг)
1-орын. Азатбек Жолдасхан (92 кг)
2-орын. Сералы Жолмағанбет (63,5 кг)
2-орын. Ерсұлтан Сапар (+92 кг)
Ерлер жекпе-жектерінде Қазақстан құрамасы 10 алтын, 2 күміс медаль алса, Қырғызстан боксшылары 2 алтын, 4 күміс пен 3 қола жүлде, Тәжікстан –спортшылары 1 алтын, 2 күміс пен 3 қола медальді теленді.
Қазақстанның ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Бірінші рет 2023 жылы Таиланд Корольдігінде 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль алса, 2024 жылы Астана төрінде 13 боксшымыз да финалға шыққанымен, 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған.
Екі аптаға жалғасқан сары құрлықтың додасында 19 елден 74 боксшы сынға түсіп, тек Қазақстан құрамасы ғана толық құрамда өнер көрсетті.
Азия чемпиондары мен жүлдегерлері Халықаралық бокс федерациясы тарапынан (1-орын — 1000 АҚШ доллары, 2-орын — 500 доллар, 3-орын — 250 доллар) ақшалай сыйақымен марапатталды.