Халықаралық ресми жарыстарға дайындық аясында Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамалары 23 мамыр мен 10 маусым аралығында бірқатар оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық және ресми матчтар өткізеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы
Бас жаттықтырушы – Әли Әлиев
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты жалғастырады. Оқу-жаттығу жиыны аясында команда екі халықаралық матч өткізеді. 5 маусым күні Минск қаласындағы «Динамо» стадионында Беларусь құрамасына қарсы жолдастық кездесу өтеді (ойын басталуы – 20:00, Астана уақытымен). Ал 9 маусымда елордадағы «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македония құрамасына қарсы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы ресми матч өтеді. Ойын басталуы – 19:00. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Қазақстан жастар құрамасы (U-21)
Аға жаттықтырушы – Денис Мамонов
U-21 құрамасы 1-6 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл жиын 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық мақсатында ұйымдастырылады.
5 маусым күні «Астана Аренада» жастар құрамасы Андорра U-21 командасымен ресми кездесу өткізеді. Басталуы – 19:30. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-19)
Аға жаттықтырушы – Кирилл Кекер
U-19 құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған:
5 маусымда Бірінші лига өкілі «Оңтүстік Академиясымен»;
7 маусымда «Тұран» ФК-мен матч;
10 маусымда «Ордабасы» клубымен кездесу өтеді.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17)
Аға жаттықтырушы – Бауыржан Сағындық
U-17 құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастайды. Жиын екі қалада – Талғар мен Әзербайжанның Габала қаласында өтеді.
6 маусымда команда Әзербайжан құрамасымен, ал 8 маусымда Грузия құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді.
Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы
Бас жаттықтырушы – Мәдияр Кембілов
Әйелдер құрамасы 23 мамыр мен 4 маусым аралығында Алматыда, Бесағаштағы «Қайрат» футбол клубының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Команда төрт матч өткізеді:
25 және 28 мамыр күндері Қырғызстан құрамасына қарсы жолдастық кездесулер (басталуы – 15:00, кіру тегін);
30 мамырда Лихтенштейнге қарсы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы ресми матч (басталуы – 17:00);
3 маусымда Люксембург құрамасымен кездесу (басталуы – 22:00).
Барлық ресми ойындар Алматының Орталық стадионында өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылуда.
Қазақстан қыздар құрамасы (WU-19)
Аға жаттықтырушы – Жанна Мальгаждарова
WU-19 құрамасы 26 мамыр мен 3 маусым аралығында Алматы және Ташкент қалаларында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын барысында Өзбекстан U-20 қыздар құрамасына қарсы сырт алаңда екі жолдастық матч өткізу жоспарланған: 30 мамыр және 2 маусым күндері.
Қазақстан қыздар құрамасы (WU-17)
Аға жаттықтырушы – Юлия Мамонова
WU-17 командасы 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы мен Бішкекте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 27 және 30 мамыр күндері қыздар Қырғызстанның өз қатарлас құрамасына қарсы жолдастық матчтар өткізеді. Қос ойын да Бішкекте өтеді.