• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Andrew Milligan

    ЕURО-2027: Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды

    Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    5 маусымда Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады.

    Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

    Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда Астанада басталады. Тізімге 25 футболшы енді.

    Қазақстан U-21 жастар құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:

    Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»)

    Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетысу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де – «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»);

    Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли («AKAS»);

    Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан-Тәңірі»);

    Қосалқы құрам: Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Бахтияр Төлеуов («Ертіс»), Темірлан Мырзағалиев («Қайсар»), Сағи Маликайдар («Тұран»), Мирас Оматай, Аслан Ахмедов (екеуі де – «Жетісу»), Тамерлан Агиманов («Ертіс»), Сэйф Попов («Алтай»), Абзал Баймолда («SD Family»).

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *