Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады.
Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова сол бойда таразы басын теңестіріп кетті. Есеп – 2:2.
Тай-брейкте ресейлік спортшы сәтті ойнады. Бұл кезде есеп 7:6 (7:2) болды. Ал үшінші, шешуші сетті Рыбакина брейкпен бастады. Сөйтіп, есеп 3:0 болып, одан кейін тағы бір брейк жасады. Есеп — 5:1. Ақыры теннисші матчты кезекті эйспен түйіндеді. Есеп 6:1 болып тіркелді.
Осылайша, Рыбакина биылғы маусымда алғашқы титулын жеңіп алып, 142 610 еуро сыйақы алатын болды. Онымен қоса спортшы 500 рейтингілік ұпайға ие болды.