24–30 мамыр аралығында Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде (Тұран даңғылы, 59) ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өз жалауын көтерді, деп хабарлады Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.
24 мамырда дүбірлі дода салтанатты ашылу рәсімімен басталып, сол күні-ақ еркін күрестен 57, 65, 86, 97 және 125 кг салмақ дәрежелеріндегі балуандар бозкілемге шықты.
25 мамырда финалдық белдесулерге жолдама алған балуандар анықталды. Міне, шешуші жекпе-жекке жолдама алған үздіктер:
57 кг:
Әділет Әлмұхамедов — Абзал Окенов
65 кг:
Мейрамбек Қартбай — Начын Куулар
86 кг:
Нұржан Исағалиев — Болат Сакаев
97 кг :
Бекзат Үркімбай — Рустам Экажев
125 кг:
Нұрсұлтан Азов — Әлішер Ерғали
Финалдық белдесулер 25 мамырда сағат 18:00-де басталады.
Сол күні бозкілемге тағы да еркін күрестің үздік балуандары шығады. 61, 70, 74, 79 және 92 келі салмақ дәрежелерінде тартысты белдесулер болады делінуде.