• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан U22 АЧ: Қазақ арулары Азия чемпионы атанды

    Бокстан 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында барлық боксшы қыздарымыз құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    12 салмақта жүлде үлестірілген әйелдер жекпе-жегінде барлық отандасымыз финалда жұдырықтасты.

    Бастапқы жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекте жолымыз болмағанымен, қалған тоғыз жекпе-жекте қатарынан спортшыларымыз қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. 7 жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.

    Азия чемпионатының жүлдегерлері:

    1-орын. Элина Базарова (54 кг)

    1-орын. Виктория Байдукова (57 кг)

    1-орын. Анар Тұрсынбек (60 кг)

    1-орын. Аружан Жаңабаева (63 кг)

    1-орын. Ұлдана Таубай (66 кг)

    1-орын. Бақыт Сейдіш (70 кг)

    1-орын. Шұғыла Нәлібай (75 кг)

    1-орын. Жібек Жарасқызы (81 кг)

    1-орын. Әсел Тоқтасын (+81 кг)

    2-орын. Ақбота Болат (48 кг)

    2-орын. Гүлнар Тұрапбай (50 кг)

    2-орын. Томирис Мырзақұл (52 кг)

    Алтын жүлде саны бойынша көрсеткіш:

    Қазақстан – 9 алтын

    Вьетнам – 2 алтын

    Үндістан (бейтарап) – 1 алтын

    Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000 АҚШ доллары, 2-орын — 500 доллар,  3-орын — 250 доллар) ақшалай сыйақымен марапатталды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *