• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы

    World Boxing: Алғашқы жартылай финалистер белгілі болды

    Астанада бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Күндізгі сессияда әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) өз қарсыластарын жеңіп, ширек финалға шықты. Ал 54 кг салмақта екінші жекпе-жегіне шыққан Әнел Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды.

    Кешкі сессияда біршама үзілістен кейін рингке оралған Надежда Рябец (75 кг) жеңіске деген жігерімен көпшілік тәнті етті. Ал ерлер сапынан Серік Теміржанов аса тартысты айқаста Аастралия өкілінен айласын асырса, ауыр салмақта Айбек Оралбай қабағы жарылғанына қарамастан, Доминикан Республикасының спортшысына еш мүмкіндік қалдырмады, — делінген материалда.

    Бүгінгі бәсекеде 75 кг салмақтағы Наджеда Рябец отандастарымыздың арасынан ең алғаш болып, жартылай финалға шықты.

    Ертең де бокс жанкүйерлері жекпе-жектерді күндіз 14:00 және кешке 19:00-де екі сессия бойынша тамашалай алады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *