• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    World Boxing: Қазақ боксшылары келесі айналымға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында отандастарымыз үшін Әлем кубогының бірінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Күндізгі сессияда үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) мен Әнел Сақыш (54 кг) сәтті дебют жасаса, өкінішке қарай, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов қабағының жарылуына байланысты турнирді аяқтауға мәжбүр болды.

    Кешкі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева (60 кг) мен Наталья Богданова (70 кг) да қарсыластарынан басым түсті, — делінген хабарламада.

    Астана төрінде рекордтық 29 елден 300-ге жуық боксшы бас қосты. Бірінші кезеңде (Бразилия) 19 ел қатысса, екінші кезеңде (Польша) 24 мемлекет жүлдеге таласқан.

    Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бір аптаға созылатын додада Қазақстан құрамасы барлық 20 салмақта (ер және әйел) ең үздік боксшыларын қатыстырады. Олардың арасында жеті әлем чемпионы (Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов) және екі Париж Олимпиадасының жүлдегері (Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбай) бар.

    Айта кететіні, 30 наурыз — 6 сәуір аралығында Фос-ду-Игуасу (Бразилия) қаласындағы алғашқы кезеңде жерлестеріміз 3 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алған болатын. Салыстырмалы түрде сол кезде құрам 100 пайызға толықтай жаңарды.

    Бұған дейін Астана қаласы Әлем кубогының командалық бәсекесін сонау 2002 жылы қабылдап, Геннадий Головкин, Мұхтархан Ділдәбеков, Галиб Жафаров сынды жерлестеріміз күміс медальді жеңіп алған болатын.

    Астана қаласының тұрғындары жекпе-жектерді күндіз 14:00 және кешке 19:00-де екі сессия бойынша тамашалай алады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *