10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен U22 Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 боксшыны апарып, 48 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
U22 Азия чемпионаты бойынша ТОП-3 мемлекет:
- Қазақстан — 41 алтын, 6 күміс, 1 қола медаль.
- Тәжікстан — 3 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде.
- Қырғызстан — 3 алтын, 10 күміс, 10 қола медаль.
Екі аптаға жалғасқан бәсекеде 23 елдің спортшылары жүлдеге таласты.