Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бокстан және күрес түрлерінен әлем чемпионаттарына қатысып, құрмет тұғырының биік сатысынан көрінген спортшыларды марапаттады.
Ол әуелі ұлттық құраманың өкілдерін құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті.
Содан кейін Алматының әкімі бокстан әлем чемпионы Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола медалистер Елдана Талипова мен Виктория Графееваның әрқайсына 20 млн теңгеден берді. Олар Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында жалауы желбіреген әлем чемпионатында құрмет тұғырынан көрінген еді.
Сондай-ақ Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Нұрқожа Қайпановқа 20 млн теңге берілді.
Англиядағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Спортшылар барлығы 10 медаль жеңіп алды. Онда былғары қолғап шеберлері 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама сапында күш сынасқан Алматының 4 боксшысы елге жүлдемен оралды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА