• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада

    Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады olympic.kz Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады. Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.  Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі. Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады. Лицензия ...

    Read More »

    «Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Қазақстан дзюдошылары Олимпиададан жүлде ала ма?

    Астанада дзюдодан өтетін Grand Slam әлемдік турнирге алыс-жақын 89 елден 475 спортшы келеді. Дзюдо отаны — Жапониядан бір спортшы жарысқа өтінім берген. Сондықтан жарысқа Жапониядан бір-ақ дзюдошы қатысады. Былтыр елімізде болған Grand Slam турниріне үш жапон қызы келіп, 1 алтын, 1 күміс медаль алған еді. Айтайын дегенім, туризм және спорт министрі Жапония мен Өзбекстаннан неге үлгі алмайды? Мысалы, Жапонияға оқу-жаттығу ...

    Read More »

    «Қымбатты балаларым!»: Өзбекстан тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды

    Өзбекстанның Олимпиада құрамасы футболдан Катарда 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия кубогының жартылай финалында Индонезияны жеңіп, өз тарихында тұңғыш рет Олимпиадаға жолдама алды. Енді Темур Кападзенің ойыншылары Парижде өтетін төрт жылдықтың ең танымал спорт жарысына қатысады. Матчтың бірінші таймында Өзбекстан құрамасында бірнеше мүмкіндік болғанымен, есеп ашылмаған еді. Ал екінщі таймның 68-минутында Хусайн Норчаев пен 86-минутта Абдуқодир Хусановтың голдары ...

    Read More »

    Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиадасының лицензиясын иеленді

    Стенд атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Эдуард Ещенко Катардың астанасы — Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек бір ұпайға қалып қойды. Спортшы 35 ұпай жинады. Бұл — стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған ...

    Read More »

    Семсерлесуден Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын алды (ВИДЕО)

    Семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Айгерім Сарыбай Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Осының алдында Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда аустралиялық Вероника Василеваны 15:12 есебімен жеңген еді. Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жеңілді. Фуджейрадағы жарыста ...

    Read More »

    Семсерлесуден Қазақстан құрамасы лицензиялық турнирге аттанды

    27-28 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz. Олимпиадаға жолдама беретін жарысқа 28 елдің спортшылары қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Артем Саркисян (екеуі де — қылыш), София Николайчук (семсер), Ғалым Нұрымов пен София Ақтаева (екеуі де — рапира) ел намысын қорғайды. Мұнда әрбір қару түрінен бір ...

    Read More »

    Олимпиадаға Елдос емес, Нұрқанат бару керек!

    Елімізде дзюдо спортынан Олимпиялық ойындардың екі мәрте жүлдесін алған Елдос Сметовке ренішім мен өкпем жоқ. Бірақ «Олимпиададан алтын жүлде алсам», — деген Сметовтің арманы Парижде орындалмайды-ау. Өйткені, Жапония, Франция, Тайпей, Испания, Әзербайжан мен Оңтүстік Корея спортшыларын жеңу Сметовке қиын болады. Олар да алтын медаль алсам деп қиялдаған Сметовке жүлдесін беріп қойып, қарап тұрмайды. Елі, федерациясы және халқы өз елінің спортшыларына ...

    Read More »

    Маңғыстаудан қашан Олимпиада чемпионы шығады?

    Әлеуметтік желіден Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш Қарақия ауданы Жетібай кентінде ауыл азаматымен сөйлесіп тұрғанын көріп қалдым. Ол Жетібайда не істеп жүр? Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жас баланы лас саясатқа итермелей бермей, Маңғыстаудан Олимпиада чемпиондарын шығаруына атсалыспай ма?  Марқұм Бекзат Саттарханов бокспен он бес жасында айналысып, жастар арасында Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ...

    Read More »

    Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Бүгін стенд атудан Катардың астанасы — Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа төрт адамда  жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан отандасымыз бен тағы бір шетел мергені  лицензияға ие болды. Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Былтыр ол Бакудағы ...

    Read More »

    Қазақстан балуандары Олимпиада лицензиясын алды

    Қырғызстаның Бішкек қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азиялық лицензиялық турнирде Қазақстанның үш балуаны Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2:1 есебімен басым түскен. Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын жүлде алған Айдос Сұлтанғали алғаш рет ...

    Read More »