Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты санаторийлік-курорттық ұйымдар Health Resort by Qazwell бірыңғай бренді аясында жұмыс істейді.
Желі құрамына Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматыдағы Almaty Resort және Ессентуки қаласындағы «Қазақстан» шипажайы, сондай-ақ Ыстықкөл жағалауында салынып жатқан «Қазақстан» шипажайы кіреді. Бірыңғай тұжырымдама санаторийлік-курорттық емдеудің көпжылдық дәстүрлерін, табиғи факторларды, заманауи медициналық технологиялар мен халықаралық қызмет көрсету стандарттарын біріктіреді. Health Resort by Qazwell профилактика, диагностика, емдеу, қалпына келу және демалысты біртұтас кешен ретінде қарастыратын medical wellness форматын дамытып келеді.
2026 жылдың 8 айында Health Resort by Qazwell желісіндегі жұмыс істеп тұрған үш шипажайда 20 мыңға жуық адам сауықтырудан өтті, оның ішінде 1 мыңнан астамы – шетелдік туристер. Бұл көрсеткіштер санаторийлік-курорттық сауықтыруға деген тұрақты сұранысты және желі курорттарына шетелдік қонақтар тарапынан қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
2026 жылы курорттар медициналық мүмкіндіктерін кеңейтіп, заманауи сауықтыру әдістерін енгізуді жалғастырды. «Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллектіні қолдану арқылы денсаулық жағдайын цифрлық бағалау, «Айқын сана» және «Сымбат» кешендері, сондай-ақ буын ауруларына арналған Текар-терапия енгізілді. Жаңа әдістерді 960-тан астам адам пайдаланды. Almaty Resort-та лазерлік терапияға арналған «КОМБИ» аппараты орнатылып, психологиялық қолдау бағыты дамып келеді. Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайында остеоартрозды емдеуде бальнео-балшықпен емдеу мен соққы-толқынды терапияны үйлестіретін кешенді тәсіл енгізілді.
Аралық нәтижелер Health Resort by Qazwell бірыңғай тұжырымдама аясында әртүрлі табиғи және емдік факторларды біріктіретін заманауи медициналық-сауықтыру курорттарының желісі ретінде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Шипажайлардың орналасуы климаттық, табиғи және бальнеологиялық ресурстардың бірегей үйлесімін қамтамасыз етеді, ал заманауи медициналық инфрақұрылым оларды диагностикалық, физиотерапиялық және оңалту технологияларымен толықтыруға мүмкіндік береді.
Health Resort by Qazwell желісінің басты артықшылықтарының бірі – медициналық қызмет пен толыққанды демалыстың үйлесуі. Қонақтарға диагностикалық және емдеу бағдарламалары, физиотерапия, оңалту, wellness және SPA қызметтері, сондай-ақ демалыс пен қалпына келуге арналған инфрақұрылым ұсынылады. Мұндай тәсіл аурулардың алдын алуға, check-up тексерулеріне, ағзаны қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға деген заманауи сұранысқа сай келеді.
Алдағы уақытта Health Resort by Qazwell медициналық және wellness бағдарламаларын дамытуды, жаңа технологияларды енгізуді, қызмет көрсету сапасын арттыруды және халықаралық деңгейде ілгерілетуді кеңейтуді жалғастырады. Ыстықкөлде жаңа «Қазақстан» шипажайының салынуы желінің географиясын кеңейтіп, өңірдегі сауықтыру туризмін дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.
Health Resort by Qazwell – емдеу, профилактика, қалпына келу және демалысты біртұтас курорттық тәжірибеге біріктіретін заманауи денсаулық экожүйесі.
Нұрлан ҚҰМАР,
АЛМАТЫ








SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары