Ол бұл туралы worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында айтып берді. «Мен «Канелоны», Коттоны, Ларуды немесе Пакьяоны тізе бүктіргім келеді. Бұл — менің арманым емес, мақсатым. Бұл туралы бокстың барлық жанкүйері айтатын болады. Мен осы боксшылардың барлығын құрметтеймін. Себебі әлем бойынша мыңдаған боксшының ішінде чемпион атану оңай емес. Мен өз елімнің беделі үшін жұмыс істейтін адамдарды құрметтеймін. Ал жанкүйерлеріме айтатыным: сіздерді көп күттіртпеймін, жақында мені әлем чемпионы титулына таласқан жекпе-жекте көресіздер. Мен сіздерді жерге қаратпаймын. Биыл мен үшін ерекше жыл болмақ. Астанада 9 қыркүйекте ЭКСПО аясында чемпиондық атағымды қорғаймын деп жоспарлап жатырмын», — деген сұхбатында. Осыған дейін Қанат Ислам келесі жекпе-жегін АҚШ-та мамыр айында өткізетінін айтқан еді.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kanat-islam-kimderdi-tize-buktirgisi-keletinin-aytty_a3018921
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/kanat-islam-kimderdi-tize-buktirgisi-keletinin-aytty_a3018921