Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс медаль жеңіп алып, жалпы жеті жүлдемен жарысты қорытындылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әлем чемпионатының соңғы жарыс күнінде алтыншы алтын медальді қоржынға Вадим Чебардаков салды. Ол масс-старт бәсекесінде қарсыластарына дес бермей, 5:29.87 нәтижемен мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыз жарыста 34 ...
Read More »Әлем чемпионаты
Конькимен жүгіру: Қазақстан спринтте жеңіске жетті
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Варвара Глухова, Анастасия Беловодова мен Кристина Шумековадан құралған әйелдер командасы командалық спринтте 1:28.77 уақыт көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Екінші орынды Польша құрамасы иеленсе, үшінші сатыға Канада спортшылары көтерілді. Осылайша, Қазақстан құрамасының жасөспірімдер ...
Read More »Кристина Шумекова тағы да жүлде алып, тарихта қалды
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 3000 метр қашықтықта 4:03.99 нәтижесімен күміс медаль иеленіп, төртінші жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл сында австриялық Джанин Росне (4:02.399) топ жарса, қола Қытай өкілі Тай Чжиэньге (4:04.085) бұйырды. Сондай-ақ ол көпсайыстың кіші бағдарламасы бойынша (жекелеген қашықтықтардың жиынтық ...
Read More »Конькиші Шумекова тағы үздік шықты
Германияның Инцелль қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова үшінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл жолы ол 1000 метр қашықтықта 1:16.34 уақыт көрсеткішімен қарсыластарынан озып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да бақ сынады. Атап айтсақ, Анастасия Беловодова 1:17.99 нәтижесімен жетінші орынға тұрақтаса, Варвара Глухова 32-сатыдан ...
Read More »Екінші алтын жүлде! Кристина Шумекова ерлеп тұр
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 500 метр қашықтықтағы жеңісінен кейін отандасымыз 1500 метрде де үздік атанды. Шумекова бұл қашықтықты 1:56.06 уақыт көрсеткішімен аяқтап, жеке рекордын жаңартты. Күміс жүлде 1:56.36 нәтижесімен австриялық Джанин Роснерге бұйырса, жапониялық Аяно Секигучи (1:57.97) қола медаль ...
Read More »Конькиші Кристина Шумекова — әлем чемпионы!
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Кристина Шумекова 500 метр қашықтықта 38,48 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озық шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл көрсеткіш спортшының жаңа жеке рекордына айналды. Күміс жүлдені канадалық Джулия Снелгров (38,78) иеленсе, қола медаль польшалық Виктория Дабровскаға (38,96) бұйырды. Осы қашықтықта Қазақстан намысын қорғаған өзге ...
Read More »Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы
Шаңғы қоссайысшысы Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...
Read More »Сайыпқыран. Бекарыс Атыбек — болашағынан зор үміт күттіретін шаңғышы
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда елімізде қысқы спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді. Жас спортшылар ел намысын халықаралық ареналарда таныту үшін аянбай еңбектенуде. Солардың ішінде ерекше көзге түсетіні — талантты спортшы Бекарыс Ерданұлы Атыбек. Бекарыс Ерданұлы 2003 жылдың 4 сәуірінде Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. Бала кезінен спортқа, әсіресе трамплиннен секіру — батылдық пен техника талап ететін қиын ...
Read More »Үлкен спорттағы шындық
Жақында белгілі шаңғышы Мағжан Аманкелдіұлымен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы. Мағжан жастайынан қысқы спортты өзіне серік етіп, биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Жарыста жеңімпаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол көп еңбекті талап етеді. ...
Read More »Сайыпқыран. Мәреде – Мағжан!
Бүгін «Сайыпқыран» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі мақаланың кейіпкері халықаралық жарыстарда қысқы спорт түрлерінен ел намысын қорғап, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жас спортшы -Мағжан Аманкелдіұлы. Мағжан жас болса да бас бола білетінін көптеген жарыстарда көрсетіп, дәлелдеп келеді. Ол биылға дейін елішілік турнирлер мен халықаралық дүрмекті додаларға қатысып, құрмет тұғырының ең биік сатысына шығып отыр. Спортшы қалалық кубок үшін жарыстан ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары