Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 97 келідегі Юсуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді. Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ...
Read More »Әлем чемпионаты
Мерей Мәулетқанов — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері!
Күрес түрлерінен Сербияның НовиСад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлемчемпионатында ел қоржынынаалғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді. Жарыста Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді. Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы ...
Read More »Давид Дегтярев – пара пауэфрлифтингтен әлем чемпионы!
Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақта үш тәсілдің қосындысы бойынша 567 кг зілтемірді көтеріп, әлем чемпионы атанды. Ол үшінші талпынысында 191 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Алғашқы сайысында ол 187 келіні басынан асырса, одан кейін 189, үшіншісінде 191 келіні көтере алды. Екінші орынды сальвадорлық Херберт Асетуно иеленді. Үшінші орын қытайлық Ян ...
Read More »Қазақстан Солтүстік Македонияны соңғы мүмкіндігінен айырды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл матчта ұлттық құрама жақсы ойнады. Алаң иелері де жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Командалардың гол соғуға бір емес, бірнеше мүмкіндіктері болды. Бірінші болып допты торға Қазақстан құрамасы тоғытты. Ойынның 54-минутында Дінмұхамед Қараман ұлттық құраманы алға шығарды. Одан кейін македониялық Энис Барди 74-минутта ...
Read More »Қошқар Дін-Мұхамед – тәжірибе мен табандылықтың үлгісі
13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жамбылдық балуан Қошқар Дін-Мұхамед 67 келі салмақ дәрежесінде күресті. Ол алғашқы айналымдарда сенімді күресіп, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті. Армения өкілі, тәжірибелі балуан Славик Галстянға ұпай санымен есе жібергенімен, бұл дода Дін-Мұхамед үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Айта кетерлігі, бұл оның ересектер арасындағы екінші әлем ...
Read More »Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына төрт допты тоғытты
Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді. Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым ...
Read More »Бүгін қарт құрлықта ұлттық құрамалар алаңға шығады
Бүгін Еуропаның бірнеше қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріне қатысын жатқан ұлттық құрама командалар алаңға шығады. Матчтар төрт топтағы құрамалар арасында болады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания ойнайды. Қазір Дания мен Шотландия турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен бірінші және екінші орында келе жатса, Грекия үш ұпай алды. Ал Беларусь құрамасында әзірше ұпай ...
Read More »Талғат Байсуфинов: «Қазір ең маңыздысы – жас пен тәжірибенің үйлесімі»
Қазақстан ұлттық құрамасы командасы бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ұлттық командаға қайта оралуы, кадрлық шешімдер мен ойыншылардың жағдайы туралы айтты. – Талғат Маруаұлы, төрт жылға жуық уақыттан кейін ұлттық құраманың тізгінін қайта ұстадыңыз. Бұл шешімді қабылдағанда қандай сезімде болдыңыз? – Қазақстан құрамасына қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін. Бірақ тез ...
Read More »Дана Әбдірова мен Алан Құрманғалиев — жүлдегер!
Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол әйелдер арасында финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде жапониялық Мио Широканеге есе жіберді. Әлем чемпионаты 8 қазанда аяқталады. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің ...
Read More »Түркістан облысының әкімі де спортшыларға автокөлік табыс етті
Түркістан облысының спортшылары биылғы жылдың 9 айында Қазақстан чемпионаттарында – 1060 медаль, Азия чемпионаттарында – 109 жүлде, әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Бүгін солардың бірқатарын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы марапаттап, құрмет көрсетті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен кездесуде жуырда еркін күрестен және армрестлингтен әлем чемпионатында ел сенімін ақтаған спортшылар марапатталды. – Сіздерді еркін күрес пен армрестлингтен ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары