• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында үшінші медалін иеленді

    Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 12,5 қашықтықты 41 минут 37,9 секундта жүріп өтіп, мәреге үшінші болып келді. Осы нәтижемен ол қола жүлдеге ие болды. Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41 минут 26,8 секунд уақытта мәреге бірінші болып жетсе, Германия спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды иеленді. Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында парабиатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал ...

    Read More »

    Ербол Хамитов тұңғыш рет парашаңғыдан әлем чемпионы атанды

    Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш рет Қазақстан спортшысы бас жүлдені жеңіп алды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Ербол Хамитов парашаңғыдан өткен жарыста мәреге 2 сағат 44,23 минутта жетіп, чемпион атанды. Осы спринт қашықтығында украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Осылайша, Ербол ...

    Read More »

    Қазақстанда алғаш рет шахматтан әлем чемпионын анықтайтын матч өтеді

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада әлемдік шахмат тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағы үшін тартысты матч өткізіледі. Әлемдік шахмат тәжі үшін Ян Непомнящий (Ресей) мен қытайлық Дин Лижен өзара бақ сынайды. FIDE баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, матчтың жүлде қоры 2 млн еуро болады. Оның 60%-ы жеңімпазға, ал 40%-ы үміткерге беріледі. Осылайша, Астанада шахматтан 17- әлем чемпионының есімі анықталатын болады. ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева: «Әлем чемпионы атағын сақтап қалу қашан да қиын»

    Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен әлем чемпионаты  туралы пікір білдірді. Ол әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын екенін, биік шыңға шыққанда, содан түспеу қиын болатынын айтты. «Бұл мен үшін жауапты жарыс болды. Себебі, әлем чемпионы деген атақты бірінші рет жеңіп алғанға қарағанда, оны сақтап қалу қиын. Маған Польшада ...

    Read More »

    Мароккодағы стадионға 24 жастағы футболшының аты берілді

    Марокко елінің Әл-Каср әл-Кабир қаласындағы муниципалды стадион бұдан былай Ашраф Хакимидің атымен аталатын болды. Спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс 24 жастағы Ашраф Хакими – Марокко ұлттық құрамасының мүшесі, Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы. Бұл жаңалық жайлы футболшының өзі Facebook-тегі парақшасына жазды. Ол жергілікті биліктің ұйымдастыруымен мыңдаған адам қатысқан рәсімге қатысқанын, жұртшылық оны ән салып, би билеп қарсы алғанын айтты. Ашраф ...

    Read More »

    Ресей 2018 жылы әлем чемпионатындағы ойындарды сатып алды – Канчельскис

    Ресей құрама командасы мен Англияның «Манчестер юнайтед» және «Эвертон» клубтарының бұрынғы ойыншысы Андрей Канчельскис 2018 жылы Ресей әлем чемпионатындағы ойындарды сатып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ресейдің БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Сұхбатта Канчельскис Ресей ұлттық құрамасының қазіргі жағдайы, команданың бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов туралы сыни пікірлер айтып, Ресей футболының сыйбайлас жемқорлықтың кесірінен жылдан жылға құрдымға кетіп бара жатқанын жеткізді. ...

    Read More »

    Ресейлік әлем чемпионы жарысқа қатысу үшін өз елінен бас тартты

    110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2015 жылғы әлем чемпионы Сергей Шубенков бейтарап спортшы міртебесін алуға ниетті екенін айтты. Қазір  ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынған. Ал әлемдік додаларға қатысу үшін басқа елдің азаматтығын алу керек. Жарысқа қатысудың тағы бір жолы — бейтарап спортшы атану керек. Сонда ғана спортшы дүрмекті додаларға қатыса алады. Ресейлік спортшы да жарыстарға қатысу үшін бейтарап ...

    Read More »

    Президент Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан блиц бойынша әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін атап өтті. Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті

    Алматыда жылдам және блиц шахматтан әлем чемпионатының жабыл салтанаты өтті.  Бір аптаға созылған  әлемдік додаға  таңдаулы гроссмейстерлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  доданың елімізде өтуіне мұрындық болған Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) алғысын білдірді.  Бұған дейін де спорт түрлерінен әлем чемпионаты, басқа да маңызды додалар  өтіп келе  жатқан Алматы қаласының ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева — блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы!

    Бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. «Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-ін иеленді. Былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған», — ...

    Read More »