• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдамаға таласады

    14 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының  матчы болады.  Матч сағат 20:30-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «QAZSPORT» телеарнасы көрсетеді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобында ойнап жатыр. Қазір футзалдан еліміздің бас командасы төрт ойыннан кейін 12 ұпаймен көш бастап келеді. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Нидерланд құрамасы төртінші орында тұр.

    Екі құрамаға бұған дейін екі рет кездесіп, екі ойында да Қазақстан құрамасы жеңді.  Алғаш рет 2019 жылы Румынияның Пьятра-Нямц қаласында болған матчта еліміз құрамасы қарсыласын 5:0 есебімен жеңсе,  биылғы іріктеу турнирінде сырт алаңда Нидерландтан 2:0 есебімен басым түсті.

    Екі құраманың да Еуропа және әлемдік рейтингіндегі орындарында алшақтық бар. Қазақстан Еуропа рейтингінде  4-орында, әлемдік рейтингте 7-орында болса, «Қызғалдақтар» елінің командасы қарт құрлықтың тізімінде 18-орында, әлемдік рейтингте 34-орында келеді.

    Енді осы мачта Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, келесі жылы болатын әлем чемпионатына жолдама алады. Ал мундиаль 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында болады.

    Футзалдан әлем чемпионаты элиталы турнирі 20 желтоқсанда аяқталады. 14 мен 20 желтоқсанда әлем чемпионатына  қатысатын жеті команданың бесеуі анықталады.

    Элиталы раундтағы бес топтың жеңімпаздары әлемдік додаға тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған төрт үздік команда плей-офф матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарда тартылады. Ал ӘЧ жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуір күндеріне жоспарланған.

    2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі. Элиталы кезең. «A» тобы

    Ойын нәтижелері:

    15 қыркүйек: Нидерланд — Қазақстан 0:2

    15 қыркүйек: Румыния — Әзербайжан 3:1

    20 қыркүйек: Қазақстан — Румыния 4:3

    20 қыркүйек: Әзербайжан — Нидерланд 6:1

    6 қазан: Румыния — Нидерланд 2:1

    6 қазан: Әзербайжан — Қазақстан 2:4

    10 қазан: Нидерланд — Румыния 1:1

    11 қазан: Қазақстан — Әзербайжан 3:2

    Қалған ойындардың кестесі:

    14 желтоқсан: Қазақстан — Нидерланд

    15 желтоқсан: Әзербайжан — Румыния

    20 желтоқсан: Румыния — Қазақстан

    20 желтоқсан: Нидерланд – Әзербайжан.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *