• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан бокс федерациясы

    Бокс кешіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

    Астанада 15 желтоқсанда Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен болатын кәсіпқой бокстан «Чемпиондар кешінде» Қазақстан былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығатын шетелдің өкілдері анықталды.

    Кеште 8 жекпе-жек болады. Оған ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Сонымен 51 келіде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Өзбекстанның өкілі Нодиржан Мирзаахмедовпен, 57 келі салмақта тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан кубалық Освальдо Диаспен,  63,5 келіде Серік Теміржанов Ресейдің боксшысы Павл Федеровпен шаршы алаңға шығады. 71 кг салмақта ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергенов мексикалық Хосе Мигель Боррегомен,  Данияр Елеусінов Джабулани Макхенсе Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен қолғап түйістіреді.

    Сонымен бірге 80 келіде Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Никита Зоньмен, Ерасыл Жақыпбеков Нидерландының спортшысы Градус Крауспен шаршы алаңда жолығады.

    Жекпе-жектер 3 минуттан тұратын 6 раундқа созылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *