«Манчестер Сити» футбол клубының бас жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола биылғы маусымның соңында мансабын аяқтауға дайын екенін айтты.
Осы маусымда требл жасасақ, қызметімнен кетемін. Бұл менің соңғы шешімім. Әрине, клубтан кету өте қиын екенін білемін. Англияда жақсы ойнайтын команда көп. Өзімді Алекс Фергюсонмен салыстырмаймын. Оның жөні бөлек. Біз жаңа айтқанымдай, требл жасасақ, тарихта қаламыз. Сосын осындай әдемі нотада қызметімнен кетемін, – деді Гвардиола Daily Mail-ге берген сұхбатында.
Треблді «Алтын хет-трик» деп те айтады. Егер клуб ел чемпионатын, ел кубогы мен құрлықтық турнирді жеңіп алса, требл жасады дегенді білдіреді.
Кеше Бирмингемде Англия премьер-лигасының кезекті турында «Астон Вилла» «Манчестер ситиді» 1:0 есебімен жеңіді. Бұл манкуньяндықтардың биылғы маусымдағы үшінші жеңілісі болды. Қазір «Манчестер Сити» турнир кестесінде 15 ұпаймен 4-орында келеді. Бірінші орында «Арсенал», екінші орында «Ливерпуль», үшінші орында «Астон Вилла» тұр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА