• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    U-20: әлем чемпионатына қатысатын елдер анықталды

    20 мамырда Индонезияда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы XXI әлем чемпионаты басталады. Жарыс 11 маусымға дейін жалғасады. Оған қатысатын барлық құрама командалар анықталды. Жеребе тарту рәсімі 31 наурызға жоспарланып отыр. 1-себет: Индонезия, Уругвай, АҚШ, Франция, Сенегал, Италия немесе Оңтүстік Корея (рейтингтік ұпайлар негізінде); 2-себет: Англия, Оңтүстік Корея немесе Италия (рейтингтік ұпайлар бойынша), Жаңа Зеландия, Бразилия, Колумбия, Эквадор; 3-себет: Өзбекстан, Нигерия, ...

    Read More »

    Ресей мен Беларуське жарыстарға қатысуға рұқсат берілді

    Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) Ресей мен Беларусь азаматтарына жарыстарға қатысуға рұқсат берді. Inside the Games порталының хабарлауынша, мұндай шешім 10 наурызда өткен кезектен тыс отырыста қабылданған. Қаулы 2023 жылдың сәуір айының екінші жартысында күшіне енеді. Атап айтқанда, шілде айында Италияның Милан қаласында өтетін әлем чемпионатына ресейлік және белорус спортшылары қатыса алады. 2024 жылғы Олимпиялық ойындардың іріктеу ойындары да осында өтеді. FIE ...

    Read More »

    Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағу туралы мультхикая түсіріледі. Оны  америкалық компаниялардың бірі түсіреді. Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады. Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады. Сериалдың қашан ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    Бокстан 14-26 наурыз күндері Үндістанның астанасы — Дели қаласында әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасы анықталды. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай  (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко ...

    Read More »

    Өзбекстан Бокс федерациясы әлем чемпионатына қатысты мәлімдеме жасады

    Өзбекстан бокс федерациясы 30 сәуір мен 14 мамыры аралығында Ташкент қаласында өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы БАҚ-та тараған алып-қашпа әңгімеге, жаңалықтарға қатысты мәлімдеме жасады. Әлемдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты кейбір интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде 30 сәуірі мен 14 мамыры аралығында Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионаты туралы біржақты ақпараттар тарап жатыр. Әлем чемпионаты  екі жылда бір рет өтеді. Оны Халықаралық ...

    Read More »

    Қазақстан, Өзбекстан мен Куба әлемде үздіктер қатарында – Баходир Жалолов

    Бүгінде аса ауыр салмақтағы әуесқойлар боксшылар арасында Өзбекстанның былғары қолғап шебері Баходир Жалоловтан қауіпті қарсылас табу қиын. Өте қиын. Оның бойы өте биік. 201 см. Өзі шаршы алаңда үнемі алға ұмтылып, қарсыласына соққы жасап тұрады. Сондықтан оған «Үлкен өзбек» (Big Uzbek) деген лақап ат бекер берілмеген. Ол шын мәнінде де өте мықты боксшы. Өзі Токио Олимпиадасының чемпионы. Ресейдің Екатеринбург қаласында ...

    Read More »

    Щучьеде биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

    4-12 наурыз күндері Щучье қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық биатлоншылар одағының (IBU) президенті Олле Далин кездесіп, чемпионатты өткізуді талқылады. Кездесуде министр шетелдік қонаққа елімізге көрсеткен сенімі үшін алғыс айтты. Әлем чемпионатының жақсы болатынына күмәнім жоқ. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Заманауи спорт инфрақұрылымы бар. Әлем ...

    Read More »

    Аргентиналық футболшылар мен жанкүйерлер жыл үздіктері атанды

    Францияның астанасы — Париж қаласында The Best FIFA сыйлығын табыс ету рәсімі болды.   Салтанатты іс-шарада Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) шешімімен Аргентина ұлттық құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшы Лионель Мессиге, 2022 жылдың үздік ойыншысы атағы берілді. Сонымен бірге Аргентинаның бас жаттықтырушысы  Лионель Скалони жылдың үздік бапкері деп танылса, осы елдің құрама командасы мен Англияның «Астон Вилла» клубының қақпашысы Эмилано ...

    Read More »

    Украина боксшылары да әлем чемпионатына бойкот жариялады

    Украина бокс федерациясы ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлем чемпионаттарына бойкот жариялады. Бұл туралы «Суспільне Спорт» басылымы хабарлады. Украинаның боксшылары Ресей мен Беларусь елдерінің әлем чемпионатында өз тулары астында өнер көрсететініне наразылық білдіріп, жарысқа қатысудан бас тартты. Біздің жауабымыз қысқа әрі нұсқа.  Біздің спортшылар Ресей мен Беларусь боксшыларының шаршы алаңға шығуына қарсы, — деді Украина бокс федерациясының вице-президенті Олег Ильченко. ...

    Read More »

    Қазақстан акробатшысы әлем чемпионатының финалына шықты

    Грузияның Бакуриани қаласында фристайл акробатикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы іріктеу жарыстары аяқталды. Қазақстан спортшылары арасынан тек Шерзод Хаширбаев финалға шықты. Ол іріктеу сынында 106,79 ұпай алып, сегізінші орынға табан тіреді. Басқа спортшыларымыздан Дінмұхамед Райымқұлов 18-ші (87,57 ұпай), Роман Иванов 22-ші (61,33 ұпай), Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші (46,98 ұпай) орынды иеленді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »