• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    Бокстан әлем чемпионатының кестесі жарияланды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды. 30 сәуірде жеребе тарту (Астана уақыты бойынша сағат 17.00-18.00) және турнирдің салтанатты ашылу рәсімі (сағат 20.00-22.00) өтеді. 1-10 мамыр аралығында алдын ала жекпе-жектер болады. Күндізгі сессия 14.00-де, кешкі сессия 19.00-де басталады. Жартылай финалдық кездесулер 12 мамырда өтеді (15.00-18.00, 19.00-22.30). 13 және 14 мамырда финал ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама соңғы дайындықты бастады (ВИДЕО)

    Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі басталды. Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық құрама Өзбекстанның астанасы -Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындықтың алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталған болатын. Енді боксшылар 29 сәуірге дейін «Алма-Тау» базасында әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Одан кейін 30 сәуірде Ташкентке жол жүреді. Осы күні әлемдік доданың жеребе тарту рәсімі басталады. ...

    Read More »

    Футболдан U-20 әлем чемпионаты Аргентинада өтеді

    Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Аргентинада өтетінін растады. ФИФА мундиальдың болатын күндерін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, әлем чемпионаты 20 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Жеребе тарту рәсімі 21 сәуірде Швейцарияның Цюрих қаласында болады. Жеребеге дейін командалар мына қоржынға түсті. Осы қоржыннан құрамалардың қағазға жазылған аты оқылады. Одан кейін олардың қай топтарда ойнайтыны белгілі болады. ...

    Read More »

    Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

    Дзюдодан Катардың астанасы – Доха қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, әлем чемпионаты 7-14 мамыр күндері өтеді деп жоспарланған. Қазір ұлттық құраманың балуандары  әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Катарда өтетін әлем чемпионатына мына спортшылар қатысады: Ерлер: 60 кг: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев 73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын ұтты

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан мен әлем құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды ұтты. Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол былтыр блиц бойынша  екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ал биыл  ол Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турниріне қатысты. Қазақстан мен әлем құрамаларының матчы 19 сәуірге ...

    Read More »

    Шахматтан әлем құрамасы әзірше алда келеді

    Астанада әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер командасы әлем құрамасына қарсы ойынды бастады Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген болатын. Биылғы әйелдер матчында Қазақстан мен әлем құрамалары ойындарға екі командадан қатыстырып жатыр. «А» командаларының құрамында төрт ересек спортшы бар. Ал «В» командалары – 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар. Матчтың жеребе тарту ...

    Read More »

    Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына 104 елдің боксшылары қатысады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласынд 1-14 мамыр аралығында өтетін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатына 104 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады. Бұл туралы uz.sputniknews.ru хабарлады. Чемпионатқа барлығы 13 салмақ дәрежесінде 104 мемлекеттен 640 боксшы тіркеліп отыр. Тіркеу 14 сәуірде аяқталды. Олардың арасында әлемнің соңғы 7 чемпионы бар. Сәкен Бибосынов (51 кг дейін, Қазақстан), Томоя Цубои (54 кг дейін, Жапония), Софиян Омиха (60 ...

    Read More »

    Допинг дауы: Азия чемпионатының жүлдегері жарыстан шеттетілді

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов та айтты. Bassport.kz-қа берген сұхбатында Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамаға бас жаттықтырушы болып қайта келгенде қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастағанын, сол кезде олар боксшыларға допинг туралы ескерту жасағанын атап өтті. Біз тіпті, көшеден ...

    Read More »

    IBA бокстан әлем чемпионатына қатысты шешім қабылдады

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын шешім қабылдады. Қауымдастық бойкот жариялаған елдердің наразылығына қарамастан әлем чемпионатының уақытында болатынын хабарлады. Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады. Жалпы, додада 104 елдің боксшылары күш сынасады. Қазір 640 боксшы тіркеліп отыр. Олар 13 салмақ бойынша қолғап түйістіреді. Алайда IBA тіркеуді 14 сәуірге дейін ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына 12 мемлекет бойкот жариялады

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдердің тізімі тағы бір мемлекетпен көбейді. Қазір тізімде 12 ел бар. Бұған дейін әлем чемпионатына АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия мен Норвегия қатысудан бас тартса, енді олардың қатарына Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия корольдігі қосылды. Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына ...

    Read More »