• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sport.akipress.org

    Футболдан ӘЧ: Өзбекстан мен Қырғызстан іріктеу турниріне шықты

    Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінің ұлттық құрама командалары футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының Азия құрлығы бойынша іріктеу турниріне шықты. Олардан басқа тағы 16 елдің құрамалары іріктеу турниріне жолдама алды, деп хабарлады uza.uz.

    Кеше Азия құрлығында 2026 жылғы әлем чемпионатының алтыншы кезеңі мен 2027 жылғы Азия кубогының бірлескен іріктеу кезеңінің матчтары болды.

    Осы іріктеуде үздік нәтиже көрсеткен Өзбекстан, Аустралия, БАӘ, Бахрейн, Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Катар, Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Оман, Қытай, Палестина, Қырғызстан, КХДР, Индонезия мен Кувейт чемпионаттың үшінші кезеңіне шықты.

    Енді олар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде күш сынасады. Дәлірек айтсақ, 27 маусымда жеребе тартылып, командалар үш топқа бөлінеді.

    Командалар жеребе алдындағы мына себеттерге бөлінді:

    1-себет: Жапония, Иран, Оңтүстік Корея

    2-себет: Аустралия, Қатар, Ирак

    3-себет: Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Иордания

    4-себет: БАӘ, Оман, Бахрейн

    5-себет: Қытай, Палестина, Қырғызстан

    6-себет: КХДР, Индонезия, Кувейт

    Әлем чемпионатының үшінші іріктеу кезеңі 5 қыркүйекте басталады. Бұл кезеңде 18 команда әрқайсысы алты командадан тұратын үш топқа бөлініп, өз алаңында және мсырт алаңда ойнайды. Әр топтың үздік екі командасы 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

    XXIII әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ-тың 11 қаласында, Мексиканың 3 және Канаданың 2 қаласында маусым мен шілде айларында болады. Финал 19 шілдеге жоспарланып отыр.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *