• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты

    IBA әлем чемпионатына бойкот жариялағандарға қатысты мәлімдеме жасады

    Халықаралық бокс қауымдастығы 1-14 мамырда Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған ел спортшыларына қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді. Бұл жағдайға IBA бас хатшысы өз көзқарасын білдірді. Оның ойынша, федерациялардың шешімі спортшылардың қалауына сәйкес келмейді. Түсінбеушілік пен жалған ақпарат әлем чемпионаатына бойкот жариялаған мемлекеттердің ұлттық федерацияларында наразылық туғызуда. Бұл шешімді қолдамайтын спортшылар мен жаттықтырушылар, техникалық қызметкерлер бар. Олардың әлем чемпионатқа ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты болмауы да мүмкін — БАҚ

    АҚШ-тағы бокс сарапшылары наурыз және мамыр айларында өтетін әйелдер және ерлер арасындағы әлем чемпионаттарына бойкот жариялаған мемлекеттердің қатары көбейетін болса, жарыстың болмауы мүмкін екенін айтты. Қазір тоғыз елдің Бокс федерациялары әлем чемпионаттарына бойкот жариялап үлгерді. Олардың арасында АҚШ, Чехия, Англия, Канада, Ирландия бокс федерациялары бар. Одан кейін қатарға Швеция, Польша, Швейцария мен Нидерланд қосылды. Бұл тізімді Құрама Штаттардың бокс федерациясы ...

    Read More »

    Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатының финалына шықты

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Квалификация қорытындысы бойынша спортшы 84,10 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Аяна Жолдас 18-ші нәтиже көрсетті. Бұл оның шешуші раундқа өтуіне мүмкіндік бермеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан спортшысы ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

    Сербияда жастар арасында ММА бойынша әлем чемпионаты болып жатыр. Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың 20 жасқа дейінгі (U-20) санатында Матильда Бачурина алтын жүлдеге ие болды. Матильда Бачурина жеке жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың айтуынша,  спортшы тартысты жекпе-жекте өз еліміздің, сондай-ақ, Украина мен Германия өкілдерін жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, ФОТО: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы АСТАНА

    Read More »

    ФИФА үш жылдағы рекордтық табысын жариялады

    Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кеңесі былтырғы жылғы жылдық табыс есебін жариялады. Құжатта ФИФА-ның 2019-2022 жылдардағы табысы 7,6 млрд АҚШ доллары болғаны атап көрсетілген. Бұл – ұйымның бұрын-соңды болмаған рекордтық кірісі. ФИФА-ның футболға бұрын-соңды болмаған инвестициясы — бұл біздің күшті қаржылық ашықтығымыздың нәтижесі. Сондай-ақ, футболды әлемдегі номері бірінші спорт екенін көрсетудің нақты мысалы. Коронавирустың кесірінен көптеген қиындықтың болғаны рас. Сол қиындықтың ...

    Read More »

    Клубтар арасындағы әлем чемпионатына 32 команда қатысуы мүмкін

    2025 жылдан бастап Клубтар арасындағы әлем чемпионатына барлығы 32 команда қатысуы мүмкін. Турнирге Еуропадан 12, Оңтүстік Америкадан 6, Африка, Азия және КОНКАКАФ-тан 4, Океаниядан 1 команда қатысуы ықтимал деген дерек бар. Тағы бір орын қабылдаушы елдің клубына берілетін болады. Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтар арасындағы әлем чемпионатында командалар саны 32-ге дейін көбейетінін айтқан болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    «50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты

    18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты. Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді ...

    Read More »

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық спринтте отандастарымыз Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия үздік үштікті түйіндеді. Жалпы, әйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ. Өткен жылы Инсбруктегі əлем чемпионатында ...

    Read More »

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

    Румынияда шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 18 жасқа дейінгі қыздар аарсында өткен әлем чемпионатының В тобындағы екінші дивизионда бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Құрама команда топтағы алғашқы матчта Болгарияны 8:1, одан кейін Жаңа Зеландияны 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді. ...

    Read More »

    УЕФА әлем чемпионатының іріктеу турнирінің форматын өзгертті

    Еуропада Еуропа мен әлем чемпионатына іріктеу турнирінің форматы өзгереді. УЕФА атқару комитеті турнирлердің іріктеу кезеңдеріне өзгерістер енгізді. Енді іріктеу кезеңінде 4 немесе 5 командадан тұратын 12 топ болады. Бірінші орын алған ұлттық құрамалар әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған командалар да автоматты түрде әлем чемпионатына жолдама алады немесе Ұлттар лигасына қатысу арқылы ЕУРО-ға жолдама алатын командалармен бірге ...

    Read More »