• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы іріктеу турнирін бірінші орынмен аяқтады (ВИДЕО)

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық іріктеу турнирінің соңғы ойынын мырт алаңда Румыния командасымен өткізіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

    Ұлттық құрама сапында Шыңғыс Есенаманов 8-минутта, Біржан Оразов 26-минутта допты торға тулатты. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы А тобындағы барлық ойында жеңіске жетті.

    Ел құрамасы бұған дейін Румынияны өз алаңында 4:3, Нидерландты екі рет 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен жеңген болатын.

    Қазақстан құрамасы алты турдан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орын алды. Құрама команда бір тур бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдамаға ие болды.

    Ұлттық  құрама әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті.  Команда 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *