• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Астана қаласының әкімдігі

    Азиаданың күміс жүлдегеріне Астанадан пәтер берілді

    Астанада «Астана» спорт форумында  болды. Онда жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы, басқа да спортқа қатысы бар адамдарды марапатту рәсімі өтті.

    Іс-шарада Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

    Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

    Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен іс-шараның мәні мен маңызы туралы айта келіп, еліміз қай кезде болсын жылдың үздігі атанған спортшылар мен жаттықтырушылардың, спорт ұйымдарының еңбегін бас бармақпен бағалайтынын атап өтті.

    Форум қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша аталымдардың жеңімпаздары атанды. Онда «Спорт ардагерлері» номинациясында Марат Қуанышев, Мерей Ақшалов, Жанат Манашев пен Анатолий Храпатый (қайтыс болғаннан кейін), «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» аталымында  Нұрбек Оралбай, «Әйелдер арасындағы жыл спортшысы» номинациясында Жәмила Бақбергенова үздік деп танылды. Сондай-ақ, Ақмарал Науатбек әйелдер арасындағы үздік пара спортшы, Ерғали Шамей ерлер арасындағы пара спортшы, Дәурен Оразов спорт түрлері бойынша жыл жаттықтырушысы, Асқар Еркебаев жыл жаттықтырушысы атанды.

    Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы «Жылдың үздік елордалық федерациясы», Гүлнәр Базаралиева «Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшы», Астана әкімдігінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі» КММ «Жылдың үздік балалар-жасөспірімдер спорт мектебі», Нұржан Батырбеков пен «Жеңіс» футбол клубы «Жыл серпілісі», Дмитрий Инютин, Асхат Мұқашев, Әсет Нұрғожин, Қуаныш Нұртақов «Жыл меценаты» аталымында үздік шықты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *