• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Хоккейден әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

    7-13 сәуір аралығында Андорраның Канильо қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизиондағы матчтары болады, хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Қазақстан құрамасы А тобында Испания, Мексика, Қытайдың Тайбэйі, Исландия, Бельгия командасымен бірге сынға түседі.

    Алғашқы турда ұлттық құрама 7 сәуірде Астана уақытымен 16:00-де Мексикамен ойнайды. Одан кейінгі матчтар кестесі мынадай:

    8 сәуір

    Қазақстан – Қытайдың Тайбэйі (Астана уақытымен 16:00)

    10 сәуір

    Қазақстан – Исландия (Астана уақытымен 16:00)

    11 сәуір

    Бельгия – Қазақстан (Астана уақытымен 19:30)

    13 сәуір

    Испания – Қазақстан (Астана уақытымен 23:00)

    Ұлттық құраманың қатарында Мәлике Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Дария Молдабай, Юлия Буторина, Арина Щёколова, Аида Олжабаева, Анастасия Дубровская, Надежда Филимонова, Полина Говтва, Алина Иванченко, Татьяна Королёва, Екатерина Куценко, Катрин Мескини, Анастасия Оразбаева, Анна Пяткова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Александра Щегай, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова, Карина Фельзинк, Александра Воронова ойнайды.

    Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып келе жатыр. Осы аралықта қысқы Азия ойындарында үш мәрте чемпион атанса, тағы үш рет қола жүлдеге ие болған. Ал 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен ақ Олимпиадада әйелдер құрамасы 8-сатыдан көрінген.

    Ұлттық құрама әлем чемпионатының І дивизионда 2004, 2008 жылы топ жарған. Жоғарғы дивизионға бес рет жолдама алып, ондағы ең жақсы көрсеткіші 6-орын болған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *