Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Қазақстан пара дзюдо федерациясының хабарлауынша, Ерғали Шәмей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.
Ол – ел намысын қорғаған, пара дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі.
Турнирге елімізден барлығы 17 спортшы қатысты.