• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    icehockey.kz

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

    Финляндияда хоккейден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Чехия командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:3 есебімен жеңді.

    Матчтың бірінші кезеңінде Чехияның ойыншылары Қазақстанның қақпасына екі шайба салып, алға шықты. Содан кейін Большедворский мен Корнеев есепті теңестірді.

    Үшінші кезеңде чех Ехо командасына бір гол сыйласа, ұлттық құрамада Перкин таблодағы есепті 3:3-ке өзгертті. Ойынның нүктесін Шипилин қойды. Есеп -4:3. Осылайша Қазақстан құрамасы  әлем чемпионатының элиталық дивизионында алғашқы жеңісіне жетті.

    Чехия-Қазақстан– 3:4 (2:1, 1:1, 0:1)

    1: 0-13: 37 — Кош (Сикора, Кубейша)

    2: 0-15: 44 — Бенак (Полетин)

    2:1 – 19: 26 – Большедворский (Сағымбаев, Симонов)

    2:2-23: 15 – Корнеев (Саркенов, Большедворский) ГБ

    3:2-38:42 — Ехо (Титлбах)

    3:3-52: 45 — Перкин (Симонов)

    3: 4-64: 03 — Шипилин (Черкасов)

    Келесі матчты Джордж Верещагиннің ойыншылары 30 сәуірде В тобының көшбасшысы — Канада командасымен ойнайды.

    Бұған дейін Швейцариядан 2:5, Швециядан 1:7 есебімен жеңілген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *