• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Photo by Andre Weening/BSR Agency/

    Конькимен жүгіруден ӘЧ: Алина Дауранова рекордтты жаңартты

    Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама командасының спортшысы Алина Дауранова өзінің жеке рекордын жаңартты.

    Алина Дауранова — Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 2-курс студенті. Ол 1 000 метрге жүгіру жарысында осы қашықтықты 1 минут 15,24 секундта жүгіріп, мәреге жетті.

    Жалпы, осы дистанцияда Дауранова 13-орынды иеленіп, қалған өз командалық әріптестері арасында ең үздік нәтижеге жетті.

    Былтыр ақпан айында Алина Дауранова 18 жасында Германияның Инцель қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды. Ол 1 000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта жүгіріп, мәреге бірінші болып жетті.

     

    Ардақ ТОҒЫМОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *