• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдегер атанды

    Францияның Мец қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді.

    Ол турнирде Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті.

    Жартылай финалда Алан Құрманғалиев Жапонияның өкілі Юхи Сакаидан  1:3 есебімен жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты.

    Былтыр Алан Құрманғалиев Португалияның Вила Реал қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender турнирінде екінші рет алтын медаль жеңіп алды. Оның алдында осы жерде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанды.

    Тунисте үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды.

    Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы –  Эльмира Әлиева) египеттік Хана Годамен бірге аралас разрядта жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды.

    Осы әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев финалға шықты.Ол жартылай финалда Хана Годамен бірге аралас жұпта жапониялық Такуми Танимото – Рин Менде тандемімен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді.

    Одан бұрын ол Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген.

    Былтыр теннисшінің осы және басқа да жетістіктерімен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

    Қазір елімізде Алан Құрманғалиев халықаралық турнирлер мен әлем және Азия чемпионаттарына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көріну жағынан тең келетін ешкім болмай тұр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *