Арменияның астанасы — Ереванда өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті.
54 келі салмақта Нұрасыл Төлебек финалда үнді Жатин Жатинді 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сөйтіп, ер балалардан екі боксшымыз, қыздарда екі спортшымыз әлем чемпионатының құрмет тұғырына көтерілді. Бұған дейін хабарланғандай, Толғанай Қасымхан 60 кг салмақта ресейлік Кира Леонованы 3:2 есебімен басым түссе, қыздар жарысында Аяжан Сыдық 54 кг салмақта финалда Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесіп, оны 5:0 есебімен жеңді.
Үшінші алтын жүлдені 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит жеңіп алды. Ол финалда румын спортшысы Амалия Тугуидан айласын асырды.
Еревандағы әлем чемпионатына 51 мемлекеттен 357 спортшы қатысты.
Қазақстан командасы 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА