• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    icehockey.kz

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шықты

    Мажарстанның Будапешт қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур қалғанда элиталық дивизионға жолдама алды.

    Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Мажарстан мен Австрия құрамаларымен сарапқа салып, ие болды. Осы дивизионда жастар құрамасы қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, алдымен айдын иелері – Мажарстанды 5:2, екінші ойында Данияны 3:2, одан кейін Францияны 4:0 есебімен жеңіп, тқртінші турда Жапония командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Күншығыс елін жеңген соң, елімізідң жастар құрамасы 12 ұпай жинап, тікелей элиталық дивизионға шықты.

    Енді жастар құрамасы 17 желтоқсанда Австриямеен ойнайды.

    Жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты рет ойнады. Соның төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. Ал элиталық дивизионда сегіз рет бақ сынап, 1999 жылы бір рет алтыншы орынды иеленді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *