• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан хоккей федерациясы

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

    Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстанның жастар құрамасы Франция командасын 4:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне жетті.

    Бұған дейін жастар құрамасы Мажарстанды 5:2, Данияны 3:2 есебімен жеңген еді. Енді осы үш жеңістен кейін Қазақстан командасы  IA дивизионында көш бастады. Бұл дивизионда Сергей Старыгин жаттықтыратын жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнап жатыр.

    Франциямен матчта қарсыластар Дәулет Нұркенов 8, 52, Егор Смолянинов 31, Александр Ким 53-минутта шайба салды. Оларға Дмитрий Бреус, Әділ Бейсембаев, Роман Ермак, Всеволод Логвин, Александр Ким, Бейбарыс Оразов, Егор Смольянинов пен Кирилл Ляпунов шабуыл ұйымдастырып, нәтижелі пас берді.

    Бұл матчта Франция құрамасы да фавориттің бірі болған еді. Олар осы матчтың алдында Дания-U20 құрамасын 6:4 есебімен жеңген болатын. Оның үстіне Францияның қақпасын Канададан шақырылған Антоние Келлер күзетті. Бірақ тактикалық тұрғыда Қазақстан командасы өте сауатты ойнады. Ойында Қазақстан хоккейшілері Келлердің қақпасына 40 рет нысанаға алып, соның төртеуін ғана голға айналдырды. 40 соққының төртеуін ғана қақпаға жіберген Францияның қақпашысы шынымен де талантты екен.

    Енді Қазақстан хоккейшілері 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австрияға қарсы айдынға шығады.

    Жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты рет ойнады. Соның төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді. Ал элиталық дивизионда сегіз рет бақ сынап,1999 жылы бір рет алтыншы орынға шықты.

    Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына мына құрамда қатысып жатыр:

    Қақпашылар – Владимир Никитин (Chilliwack Chiefs, BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снежные барсы, ЖХЛ);

    Қорғаушылар – Бейбарыс Оразов, Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Глеб Решетько, Мстислав Шипилин (бәрі де – «Снежные Барсы»), Диар Манаш, Даниал Шақшақбаев («Номад», Pro Ligasy), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен);

    Шабуылшылар – Руслан Оспанов, Всеволод Логвин (екеуі де – «Барыс»), Әділ Бейсембаев, Асанәлі Русланұлы, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (бәрі де – «Снежные Барсы»), Александр Ким, Давлат Нүркенов (екеуі де – Assat, Финляндия).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *