• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан – Нидерланд матчының баспасөз анонсы

    14 желтоқсанда 20:30-да Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының матчы болады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    13 желтоқсанда 11:00-де Rixos қонақ үйінде D Hall конференц-залында футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака, қақпашы Игита мен ойыншы Біржан Оразовтың қатысуымен матчалды баспасөз мәслихаты өтеді.

    Баспасөз мәслихаты сағат 11:00-де басталады.

    Өтетін орны: Rixos қонақ үйі, D Hall конференц-залы (Дінмұхамед Қонаев, 7​)

    Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түсті. Төрт ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармаған Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастап тұр. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Нидерланд құрамасы төртінші орында келеді.

    Анықтама: Футзалдан әлем чемпионаты элиталы кезеңінің іріктеуі 14-20 желтоқсан күндері аралығында өтетін матчтармен аяқталады. Ал топтар қазанда өткен 3-4 турдан кейін түзілді.

    Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатына шығуға мүмкіндік алады.

    Элиталы раундтағы бес топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған төрт үздік команда түйісу матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарда тартылады. Ал әлем чемпионатының жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуір күндеріне жоспарланған.

     

    Байланыс үшін

    Айбар Рысдәулет

    Mob/WhatsApp/Telegram: + 7 707 737 31 07

    E-mail: manager.smi@kff.kz

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *